Комментарийға жауап беру

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ БӘЙМЕНОВА З.Ә. БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕ

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы' ММ басшысы Байменова З.Ә. жұмыс сапарымен Рудный тау-кен - технологиялық колледжінде болды. Колледждегі оқу-тәрбиелік жұмыс барысымен танысып, оқу кабинеттерін аралады. Колледж ұстаздарынан қашықтық оқыту барысы туралы сұрап, теориялық білім сапасы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар Байменова З.Ә. оқу шеберханасында болды. Токарь, электровоз машинисті, кен байытушы, слесарь жөндеуші, электр монтажы және шахтаны үңгуші мамандықтарына арналған шеберханалардың жабдықталуымен танысты. Колледждің өндірістік оқыту шеберлері Афанасьева О.В., Жәлелов Д.А., Симанкова С.А., Гиззатов Ю.Р., Бекмурадов С.Б. және Алламбаев Ж.Ж. өз мамандықтары бойынша оқушыларға практикалық сабақтарды қалай өткізетіндігі туралы баяндады.

   Сонымен қатар облыстық білім басқармасының басшысы дипломалды практиканың өту барысы, дуалды оқыту, түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударып, колледж ьасшылығына тапсырмалар берді. Іс-сапар барысында оқушылардың сабақтан бос уақытын сапалы өткізуі мәселесіне баса назар аударды.

  

 

Your rating: Ешқайсысы Average: 5 (1 vote)

Жауап беру