Жастар саясаты

 

2016-2017 ж.

Студенттік өзін-өзі басқару

2016 жылдың 9 - қыркүйегінде Рудный тау-кен технологиялық колледжі студенттер белсенділерінің алғашқы отырысы өтті. Бірінші курс белсенділері студенттік өзін-өзі басқарудың Ережесімен танысты. Студенттік Кеңес студенттік өзін-өзі басқару бөлімшелерінің жаңа жетекшілерін сайлады, сонымен қатар,  студенттік Кеңес жұмысының жүйесін жақсарту бойынша өз ойлары және ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара соңында студенттік өзін-өзі басқарудың төрағасы Латнер Андрей колледж белсенділеріне студенттік шығармашылық және сәттіліктер тіледі. 

Сәлем, дос!

22 қыркүйекте - жастардың шығармашылық сарайында «Сәлем, дос!» атты Фестиваль өтті. Аталмыш сайыста қаламыздың 5 колледжі бақ сынасты.
 
         Фестивальде колледждер қазақ, орыс, беларус, татар және украин ұлтын паш етті. Біздің колледж Украина халқының мәдениетімен таныстырды.
 
Фестиваль үш кезеңнен тұрды: амандасу, музыкалық туынды, «Жастар көзімен жаңа заманғы Қазақстан» тақырыбында халықтық-қолөнер шығармашылығы көрмесі.
 
Фестиваль қорытындысы бойынша біздің топ 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Дублер күні

2016 жылы 30 қыркүйек күні Рудный тау-кен технологиялық колледжінде студенттік өзін-өзін басқарудың мерекесі «Дублер күні» ұйымдастырылды. Бір күнге директордың, орынбасарлардың, инженерлік-педагогикалық құрамның функционалдық қызметтеріне студенттер ие болды.

Бұл күні барлық қабылдау кабинеттерінде, аудиторияларда, оқытушылар бөлмесінде жұмыс қызу өтті. Дублер студенттер шағын жиналыстар ұйымдастырып, дәріс оқып, семинар сабақтарын өткізді.

Дублерлар жұмысының жоғарғы деңгейін және сапасын атап өтуге болады, себебі, студенттер аталмыш іс-шараға тыңғылықты дайындалған. 

«Мен - жүргізуші» 

14 қазанда Рудный тау-кен технологиялық колледж студенттері «Алые паруса» КХШҮ-де өткен «Мен - жүргізуші» атты қалалық сайысына қатысты. Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық бағытын жетілдіру. Сайыс 4 деңгейден тұрды: таныстыру, актерлік шеберлік, стандартты емес жағдайды шешу, видео экспромт байқауы.

Қазылар шешімімен М-15 тобының студенті Есім Алмат 1 орынға қанжығасына байласа, көрермендер көзайымы сыйлығына ОПИ-14 тобының студенті Танжарыков Нурладин ие болды.

12.10.2016ж. біздің колледж студенттері Рудный политехникалық колледжінде белгілі спортшылармен, ұстаздармен және Рудный қаласының жас мамандарымен, сонымен қатар, Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы, еңбгі сіңген спорт шебері И.И Гаранинмен кездесу өтті. Сөз алғандар өз өмірлік жетістіктерімен бөлісті. Іс-шара мақсаты – жасөспірімдердің бұзақылық жасауына жол бермеу, алдын алу, балаларды қоғамдық және спорттық шараларға тарту болды.

Дөңгелек үстел

19 қазанда 1 курс студенттеріне арналған дін өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге қатысқандар: Рудный қаласының «Нұр» мешітінің хатиб-имамы Нұрқанов Сейіт қажы Темірбекұлы және Рудный қаласы Богоявленский шіркеуінің өкілі Кривогузов Сергей Викторович, Рудный қаласы әкімшілігінің ішкі істер бөлімінің бас маманы Джетенов Мирас Абайұлы. Дөңгелек үстел мақсаты – студенттердің діни сауатын арттыру, деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру, діни экстремизмнің алдын алу.

Лидер конференциясына

22 қазанда 2016 ж.- колледж студенттері Қостанай қаласының спикерлері қатысқан дәстүрі жастар «Лидер конференциясына» ат салысты. Конференция бағдарламасында студенттер «21 ғасырдағы саясат», «Қоғамдағы лидерлік», «Кәсіпкерлік» бағыттары бойынша сессияларға қатысты. Біздің келесі студенттерге Сламов Ж. (ЭС-15), Бегимов А. (МЭ-16), Берденов Ч. (ОПИ-16), Яровая К. (ОПИ-16), Голубов Д. (МЭ-16) сертификаттар табысталды.

 

 «Қазақстандық жастар тәуелсіздік толқынында» жастар акцияны өткізу шенберінде 2016 жылғы 07 желтоқсанда  «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК  ССКӨБ АҚ жастар саясаты бөлімінің өкілдері Игорь Дубельді және Илья Антонюкты шақырумен «Кәсіби-техникалық мамандықтарды насихаттау» тақырыпқа кездесу өтті. 

Осы кездесуде «Пайдалы қазбалардың ашық өңдеуі» мамандық бойынша оқитын 1 курс студенттері өңдіріс тәжірибені өту шарттары, жұмысқа орналастыруда түлектерге талаптар, мадақтау мен жаза жүйесі және т.б. туралы сұрақтарды берді. Өңдіріс өкілдері өз тәжірибе үлгілерде балаларға түсіндірді осы мамандықтарды игеруде

назарды қайда салу кажет. 

«Біз салауатты өмір салты үшін»

 

16 ақпанда 1 курс ОПИ-16 және МЭ-16 топтарының студенттері – волонтерлар қалалық акцияға қатысты. «Біз салауатты өмір салты үшін» атты акция СӨС Орталығының өкілдерімін ұйымдастырылды. Студенттер акцияны өткізуге арналған плакаттар, үлестірмелі материалдар дайындады. Тұрғындармен сауалнама жүргізіліп, зиянды әрекеттердің алдын алу бойынша ақпараттық қағаздар таратылды. 

Қазақстан – конфессияаралық диалог орталығы

21ақпанда 2017ж-2 курс М-15 тобының студенті Кейзерова Дарья Рудный индустриялық институтында өткен «Қазақстан – конфессияаралық диалог орталығы. Қазақстанның мәдени құндылықтарының дамуы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дарья мемлекеттік тілде біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңыздылығы туралы айтып өтті. Дөңгелек үстел соңында Дарьяға алғыс хат табысталды. 

Жастар арасындағы дін экстремизмі және терроризмнің алдын алу

 

12 сәуір күні Республика залында «Жастар арасындағы дін экстремизмі және терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шақырылған қонақ ретінде философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Рудный қаласы әкімшілігі жанындағы дін бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес мүшесі, қалалық ақпарат насихаттау тобының мүшесі Валентина Ломокович болды. Барлық қатысушы студенттер сөзталасқа белсене түрде ат салысты.

 

2015-2016 ж.

«Көшбасшылық конференция»

2015 жылдың 17 қазанында біздің колледж студенттері Сламов Жантас және Сейтқожина Венера Жастар парламенті жобасы шеңберіндегі көшбасшылық конференцияда белсенді қатысты.Біздің студенттер шешендік істегі,басқару дағдысын меңгерді.  

 «Мәңгілік Ел» орталығының ашылуы

2015 жылдың 13 қарашада біздің колледждің 3 курс студенттері Рудный индустралды институты негізіндегі «Мәңгілік ел» орталығының ашылуына қатысты.

2015 жылдың 15 желтоқсанында"Серпін-2050" мемлекеттік бағдарлама аясында білім алатын біздің студенттер "Аламан" фестивалінің барлық кезеңдерінде қатысқан жоқ, өйткені"Аламан" фестивалін өткізу тұжырымдамасына сәйкес «мәңгілік ел Жастары – индустрия үшін!» "Серпін – 2050" стратегиясы жобасына қатысушылар арасында әлеуметтік жобаға қатысушы топтар  арасында өткізуді қарастырады, Біздің оқу орнынды 25 студенттен тұратын тек бір топ оқиды. Олар колледегі сондай-ақ қалалық іс-шараларға белсенді қатысады. Сондықтан фестиваль тұжырымдамасын ескере отырып, бізбен өткізілгендердің ең жарқын кезеңдері таңдалып алынды:

«Білім алғандардың шамасы кең» (А.Батырхан жеңілпаз) «менің мамандығым менің мақтанышым» (Н.Әбубәкір) «Мен көшбасшымын» байқау «Д.Қосалиев» 

«Дін және ғаламтор» дөңгелек үстел

2016 жылдың 15 сәуірінде Рудный қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен Қостанай облысының дін істері бойынша басқармасы мамандары Дюйсеков Диас Арманұлымен және Рудный қаласы «Нұр» мешітінің хатиб-имамы Нұрқанов Сейіт Темірбекұлымен бірлесіп, біздің 1 курс студенттермен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы аумағында деструктивті діни ағымдар туралы сұрақтар талқыланды. Студенттер әңгімеге белсенді қатысты. Инттернетті жастардың жалған дінге илануына қармақ ретінде  пайдалануы туралы бейнеролик көрсетілді.

Ақпарат директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

К. М Нұрмағамбетовамен ұсынылған.

2016 жылдың 1 мамырында – біздің колледж студенттері А-14, СЖ-14, ТМ-14 топтары «Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған» қалалық мерекелік іс-шараға белсенді қатысты.

Өз таңдауыңды жаса Есірткі

2016 жылдың 25 мамырында - РО СӨС орталығының психологы Т.В.Гопкало мен 1 курс студенттері «Кезекші  және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесар (слесар)» тобымен кездесу ұйымдастырылды, осы кездесу барысында «Өз таңдауыңды жаса Есірткі» тақырыбына тренинг өткізілді. Білім алушылармен кездесу барысында нашақорлық атты фильм көрсетілген болды, онда мұндай жаттығулар «Тәуелділік деген не?» , «Даулы мәлімдемелер», «Бас тарту» ойыны, жүргізілді. Іс-шараның мақсаты өмірлік құндылықтарды қалыптастыруда және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, психикалық белсенді заттарды және оның салдарын ұғыну зиянкесттікке байланысты көмек. 

Студенттік Көктем 2016

2016 жылдың 27 мамырда біздің 2 және 3 курс студенттері Баймұрзаева Әсия, Сухоруков Владислав, Саливончик Степан және Сейдахметов Нұрлан облыстық «Студенттік Көктем 2016 » фестивальіне белсенді қатысты. Ережеге сәйкес білім алушылар авторлық өлеңдер номинациялары және  РЭП стилінде авторлық ән бойынша, Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына арналған  жеңіл атлетикалық жүгіруде өнер көрсетті. Студенттер көптеген шаттық және әсер алды.

Көшбасшылар мектебіне

2016 жылдың 6 маусымы мен 2016 жылдың 10 маусым аралығында біздің колледждің делегациясы облыстық жоба «Көшбасшылар мектебіне» белсенді қатысты. Студенттердің бұл жобаға қатысуы олардың жаңа бетін ашуға, құрдастарымен жас жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ командалық рухты оятуға мүмкіндік берді. Бұл үшін жоба ұйымдастырушыларымен Қостанай облысының үздік жаттықтырушылар мен еріктілері тартылды, көптеген тренингтер мен командалық іс-шаралар жүргізлді. «Көшбасшылыр иектебінің» соңғы кезеңінде студенттер өздерінің әлеуметтік жобаларын әзірледі және қорғады. Жұмыстың нәтижелері бойынша біздің колледждің  студенттері Сейтқожина Венера және Сламов Жантас жобаға қатысқаны үшін сертификат алды, ал Сламов Жантас 2016 жылдың Көшбасшыларының бірі болып танылды және мадақтамамен марапатталды.